АҚШ-та президент сайлауы 2024 жылғы 5 қарашада өтеді.
Камала Харрис ресми түрде АҚШ президенттігіне кандидат болды
1,648
оқылды

АҚШ вице-президенті Камала Харрис демократиялық партия атынан ресми түрде Америка президенті лауазымына үміткер болып сайланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап. 

Онлайн дауыс беру арқылы Харрис демократтардың 99% дауысына ие болды. Ол бұл туралы Филадельфиядағы партия жақтаушыларының кездесуінде осылай деп мәлімдеді.

Ал вице-президенттікке үміткер ретінде өзінің серіктесі, Миннесота губернаторы Тим Уолцты көпшілікке таныстырды. Жиында Уолцтың кандидатурасын мақұлдағандар көп.

Осылайша, Харрис қарашада өтетін саяси науқанда жеңіске жеткен жағдайда, АҚШ-тың алғашқы әйел президенті бола алады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.