Үлкен Алматы шатқалының тауларында 66 жастағы ер адам көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1958 жылғы ер адам тауға жалғыз шыққан.
«Кейіннен келіскен уақытында байланысқа шықпағандықтан, туыстары құтқарушыларды шақырды. РЖҚЖ жедел тобы ер адамның денесін Үлкен Алматы көлінен төмен орналасқан төбелерден тауып, алаңға түсіріп полиция қызметкерлеріне тапсырды», – деп хабарлайды РЖҚЖ баспасөз қызметі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.