Тартымды оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.
Бибігүл Төлегенова әріптесі Мақпал Жүнісоваға бриллиант көзі бар білезік тақты
Видеодан алынған кадр
9,979
оқылды

КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова өнердегі сіңлісі Мақпал Жүнісоваға алтын білезігін тақты, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі отырыста Мақпал Жүнісоваға қолындағы білезігін шешіп берген. 

“Менің жасымды берсін! Сен тағып жүр. Саған келеді”, – деп айтты Бибігүл Төлегенова. 

“Міне, көрдіңіздер ғой, қолындағы алтын бриллиант білезігін маған тақты. Ел аналары деп осындай кісілерді айту керек. Көп рақмет, сізге! Басымды иемін”, – деп алғысын білдірді халық әртісі. 

Желі қолданушылары қос өнерпаздың сыйластығына риза болып, ақ тілектерін жаудырып жатыр. 

@uiat.emes

♬ оригинальный звук - Uyat_emes