9 тамызда Астана қаласында «Орталық Азия + Жапония» диалогінің бірінші саммиті өтеді.
Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға келеді
1,333
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамыз күндері Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапармен келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

9 тамызда Астана қаласында «Орталық Азия + Жапония» диалогінің бірінші саммиті өтеді.

10 тамыз күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапония премьер-министрі Фумио Кишида екіжақты келіссөздер жүргізеді деп жоспарланып отыр.