Қазіргі уақытта облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандары оған қажетті психологиялық және медициналық көмек көрсетуде.
Қызылордада сыныптастары 16 жастағы қызды жезөкшелікке салған – министрлік пікір білдірді
Фото: istockphoto.com
1,209
оқылды

Қызылордада сыныптастары жезөкшелікке салған кәмелетке толмаған қыз туралы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Бүгін аймақтық Бала құқықтары жөніндегі уәкіл зардап шеккен қызбен және оның отбасымен кездесті. Қазіргі уақытта облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандары оған қажетті психологиялық және медициналық көмек көрсетуде. Құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізуде. Сондай-ақ  оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Аталған жағдай ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қатаң бақылауында»,  делінген хабарламада.

Бұдан бұрын жазғанымыздай, Қызылорда қаласында мектеп оқушылары 16 жастағы қызды азаптап, қинап есірткі беріп, жезөкшелік жолға салған. Қыздың ата-анасының жазуынша, полициядан еш көмек болмаған, керісінше оларды «ата-құқығынан» айырамыз деп қорқытқан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Тelegram арнасынан таба аласыз.