Бір арнаның өрісі тарылды
Бір арнаның өрісі тарылды
5,106
оқылды
Қазақстандық кабельдік арна Ресейдің «Бірінші ар­насынан» бас тартты. Бұған ретрансляция тарифінің қым­­баттауы және «1 канал» беделі­нің төмендеуі себеп көрінеді. Осының алдында әлеуметтік желі­лерде оның абоненттері «Цифровое телесемейство пер­вого канала» аталатын топқа кіретін барлық арналар ағытылып тасталғанын хабарлаған болатын. Компания бұл ақпаратты растады.
«Бұл қадамға «Бірінші арна» телеотбасының» қазақстандық өкілдерінің ретрансляциялау құқығы үшін бағаны көтеретіні туралы кезекті талабы түрткі болды. Кейінгі бірнеше жыл бойы Қазақстан аумағында тарату құны жыл сайын жоғарылап келеді. Егер бұрын құқық иесі мұны ин­фля­циямен немесе доллар бағамы­ның өсуімен түсіндірсе, ал 2020 жылы ынтымақтастықты жалғастыру бағасын дистрибьютор қандай да бір негізсіз, біржақты түрде бекітті. Компания мұндай шартты қабылдай алмайды. Се­бебі ретрансляциялау құқығы тарифінің көтерілуі телевизия қызметін көрсетудің өзіндік құнына кері ықпал етеді. Яғни, ақырғы тұтынушы үшін қымбат­тайды» деп мәлім етті кабельдік оператордың баспасөз қызметі.
Компания бағаны көтеруге еш негіз жоқ деп санайды. Өйткені біріншіден, ресейлік «Первый канал» Ресейге еш ақысыз-пұлсыз тарайды.
«Сондықтан оның контенті эксклюзивті емес, оны кез кел­ген адам интернет арқылы тегін қарай алады. «Бірінші арнаның» теле­визиялық аудиториясы азаюда» деп дәйектеді кабельдік оператор.  
Оның үстіне, оны Ресей «те­леот­басының» арналарды таң­дауы­на мүмкіндік бермейтіні, бар­лығын топтама түрінде ұсы­натыны ұнамайды. Осының алдында «Первый канал. Всемирная сеть в Ка­захстане» АҚ өкілі Ирина Калаш­никова 2020 жылға арналған келісімшарт бойынша ымыраға келмегендіктен, бұл оператордың абоненттері 11 ресейлік телеар­надан ағытылатынын хабарлады. Осылайша, солтүстік көрші идеологиясының «рупоры» өз әрекеті кесірінен өрісі тарылып отыр.   Елдос СЕНБАЙ