Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің саяси тұрақты, экономикасы қуатты дамуы үшін сыртқы факторлар мен ішкі мүмкіндіктерді ескере отырып, көрші елдермен үндестіктер жүйесінің маңызына үлкен назар аударады.
Дамудың ортақ ұстанымы
1,644
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  еліміздің саяси тұрақты, экономикасы қуатты дамуы үшін сыртқы факторлар мен ішкі мүмкіндіктерді ескере отырып, көрші елдермен үндестіктер жүйесінің маңызына үлкен назар аударады.

Күні кеше ғана жарық көрген көлемді мақаласында дамудың жаңа кезеңіндегі аймақтың рөліне тоқталып, тарихы ортақ Орталық Азия мемлекеттері халықтарының  бейбітшілік пен ынтымақтастық сақтауда бір-біріне қолдау көрсетіп келе жатқан ортақ ұстанымына акцент жасады. Сонымен қатар, қазіргі геосаяси жағдайда Орталық Азияның халықаралық аренада саяси салмағы арта түскеніне, әсіресе «ОА плюс» диалог алаңдарының пайда болғанының оң әсеріне оның ішінде өзара ықпалдастыққа қызығушылық танытушылар саны көбейе  бастағаны жасырын емес. Бұл дегеніміз осы алаңдарды пайдалана отырып идеяларды ілгерілетуде күш біріктірудегі ұтымды тәсіл. Біздің елімізде табиғи ресурстар жетерлік, енді инновация үшін өңірдің ашық болуы еліміздің экономикасының қарқындауына мүмкіндік береді, бұл тұста бұрыннан одақтастық орнатып келе жатқан Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан елдері бір-бірімен кез келген туындаған мәселені бейбіт жолмен шешудің ынтымақтастығын танытып отыр. Орталық Азия мемлекеттерінің өнеркәсіптік кооперациясын дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспары алдағы бесжылдықта біраз алға жылжуға ықпал етеді.

Экономикалық даму, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мәселелерінің үйлесім табуы елдер дамуының, өркендеуінің басты қағидаты болып қала береді.

Даму дегенде қоғамдық санада ізгілік деген сөздер әркез басымдық алады. Әйгілі ғұлама Әл-Фарабидің  қайырымдылық, мейірімділік жөніндегі еңбектеріндегі ізгілік қасиеттер жанашырлыққа, бір-біріне туған бауырдай қол ұшын созуға жетелейді, ықпалдастықты тереңдете түседі, қажет десеңіз қорғаныс саясатында бірлесіп ақылмен әрекет жасауға алып келеді, халықтардың бір-біріне жақын болуға ұмтылысы  байқалады.

Мемлекет басшысы мақалада «Біздің экономикаларымыз бірін-бірі толықтырып отырады» деп бірлескен экономикалық жобалардың тиімді екеніне мән берді. Мақалада ең көп қолданылған сөздер елдер – 31, мемлекет – 27, экономика – 26, халық – 25, саяси, аймақ, ынтымақтастық 15 рет қайталанған. Осы кілт сөздерден-ақ мәселе ненің төңірегінде екені көрініп тұр. Мемлекет басшысының көздегені елдің ынтымақтастықта дамуы, елдермен ықпалдаса отырып, елімізді ең маңызы зор көлік-логистика және транзит хабтардың біріне  айналдыру және су, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ортақ ұстанымдарын шешу жолдарын қарастыру, ғылым-білім саласында ортақ филиалдар ашу.

Мемлекет басшысы өңірлік ынтымақтастық шынайы қажеттілік екенін түйіндейді. Мақала өзара ықпалдастықтың жаңа форматын қарастырады, ғұлама философ, қоғамдық сананы қозғаудың алғашқы  скрипкасы Әл-Фарабидің  еңбектеріндегі сананың салмақ пен өлшем тұжырымдары қазіргі таңда маңыздылығын жоғалтпағанын халыққа жеткізеді.

Жаңа Қазақстанды құрудағы жаңғыру, жаңару ренессанс  қазіргі таңда да қоғамның дамуы кезінде дамыған философиялық, социологиялық ілім ретінде жаңа тұрғыда  өз қажеттілігін өтеуде.

 

Қалыйма Жантөреева,

“AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты