Танымал қазақстандық әнші Мақпал Исабекова екі баламен декреттік демалыста отырудың қиын тұстарын айтты.
"Айнаға қарағым келмейді, өзімді жек көремін": Мақпал Исабекова қандай күйде жүргенін айтты
Фото: Instagram/makosya
15,019
оқылды

Танымал қазақстандық әнші Мақпал Исабекова екі баламен декреттік демалыста отырудың қиын тұстарын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Мен қазір өзіме өзім ұнамаймын. Қан қысымын реттеу үшін ішетін дәрілерді ішіп жүргеніме бір ай болып қалды. Соның әсерінен менде үнемі ісіну. Сол үшін суретке түскім келмейді. Тіпті, айнаға қарағым келмейді", – деп ішкі күйзелісімен бөлісті әнші әлеуметтік желіде. 

Мақпал Исабекова әлеуметтік желідегі оқырмандарынан көмек сұрап, "бала емізу кезінде бетіңізге қандай күтім жасадыңыз, бөлісіп кетіңізші, өтініш" деп жазды ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.