Мұндай әрекетті журналист популизм деп бағалады, – деп жазды Aikyn.kz.
"Сыртта жүріп, қолдан келгенше еңбек еткен азаматтардың үлкен басын кішірейтіп, кешірім сұратуды қою керек. Бұл – популизм. Елге оралғанда кеткен қатені іскерлік ортада сауатты талқылау деген болады. Мынау өз азаматтарымызды тұқырту, жігерін құм қылу. Мұндайға қарсымын", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасына.
Еске сала кетейік, бұған дейін осындай пікірді танымал продюсер Баян Мақсатқызы да айтқан болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.