Құтқарушылар 400 шаршы метр аумақта өртті толығымен сөндіре алды.
Алакөл жағалауында үлкен демалыс аймағы өртеніп кетті
781
оқылды

Жетісу облысында ірі демалыс аймағы өртеніп кетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиғаның егжей-тегжейін ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Алакөл ауданы Ақши ауылындағы демалыс аймағының аумағында демалыс үйі өртенді. Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында өрт 400 шаршы метр аумақта толығымен жойылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.