Ең белсенді елді мекендер де белгілі болды.
Рекорд орнады: тұрғын үй нарығындағы баға өсімі қандай?
1,932
оқылды

2024 жылдың шілдесі 2022 жылғы сәуірінен бері тұрғын үй мәмілелерінің саны бойынша ең жоғары көрсеткіш тіркелген ай болды, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша тіркелген мәмілелер саны 40 099 құрады.

Мәмілелер саны бойынша көшбасшылар:

Алматы – 7 091 (17,7%);

Астана – 6 843 (17,1%);

Қарағанды облысы – 3 208 (8%).

Мәмілелер саны:

пәтерлер бойынша – 30 973;

жеке үйлер бойынша – 9 126.

Бұл ретте тұрғын үй нарығындағы шілдедегі баға өсімі келесідей:

Жаңа тұрғын үй – 2,4% (бір жылда), 0,1% (бір айда);

Қолданыстағы тұрғын үй – 3,2% (бір жылда), 0,4% (бір айда);

Жалға алу – 5,2% (бір жылда), 1,8% (бір айда).