Теннистен еліміздің көшбасшысы Елена Рыбакина АҚШ-тағы бәсекеде өнер көрсетеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жарақатына байланысты Париж Олимпиадасына қатыса алмаған Елена Рыбакина кортқа қайта оралады. Ол 13-19 тамыз аралығында АҚШ-тың Цинцинатти қаласында өтетін Мастерс турниріне қатысады. Қазақстанның бірінші ракеткасы бұған дейін шілде айында “Уимблдон” үлкен дулығасында бақ сынап, жартылай финалға дейін жеткен еді.
Цинцинатти ашық біріншілігін жеңген әйел теннисші 1000 ұпай мен 523,485 АҚШ долларын алса, ал ерлер арасындағы жеңімпазға 1000 ұпай мен 1,049,460 АҚШ доллары беріледі.
Былтыр Коко Гауфф және Новак Джокович топ жарған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.