Тұрғындар отты өз бетінше сөндіруге тырысып, уақыт жоғалтып алған.
Түркістан облысында шөп тиелген көлік жалынға оранды
ТЖМ
1,019
оқылды

Бүгін Түркістан облысы Сайрам ауданында шөп тиелген жүк көлігі өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тұрғындар отты өз бетінше сөндіруге тырысып, уақыт жоғалтып алған. Олар жалынға төтеп бере алмайтындарын түсінген кезде ғана хабарлама жіберген, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

"Өрт сөндірушілер шақыру орнына жедел келіп, отты толығымен сөндірді. Бірақ жалын салдарынан жүргізуші қолын күйдіріп, көлік толығымен жанып кетті", – деп қосты ведомство.

ТЖМ өрт туындаған жағдайда дереу 112 немесе 102 нөмірлеріне қоңырау шалу қажет екенін еске салады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.