Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облысында боран соғады
Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облысында боран соғады
Фото: Интернеттен алынды
496
оқылды
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігі солтүстік-батыс циклонның ықпалында болады. Елдің оңтүстік және оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, желдің екпіні күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23-28 метрге дейін жетеді. Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын соғады.
Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, Қостанай облысында екпіні 23-28 м/с. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, ал түнде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. Алматы, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.