FTSE 100 индексіне кіретін компаниялардың басшыларының жалақысы өткен жылы 715 000 долларға өсіп, орташа есеппен 6,3 млн долларға жеткенін Financial Times жариялады. Осы материалға сүйеніп талдау жасаған Aikyn.kz менеджерлердің талаптарын түсіндіреді.
Британдық менеджерлер 9 цифрмен белгіленген жалақы шетелдік компаниялармен бәсекелесу үшін қажет екенін айтады. Фото pikabu.ru сайтынан алынды
Әлемдік ірі компаниялардың қатарында аталатын британдық құрылымдардың басшыларының жалақысы 2017 жылдан бері болмаған деңгейге көтерілді.
Британдық менеджерлер 9 цифрмен белгіленген жалақы шетелдік компаниялармен бәсекелесу үшін қажет екенін айтады. Олардың сөзінше, АҚШ сияқты дамыған елдерде бас директорлар айтарлықтай көп табыс табады.
Қазірше орташа жалақының өсуі жаппай процес емес, «аздаған компанияларда ғана орын алғанын» High Pay Centre зерттеу компаниясының директоры Люк Хилдьярд ескертеді.
Бас директорға 10 миллион фунт стерлингтен астам жалақы төлейтін ең танымал компаниялардың саны 2022 жылы төрттен 2023 жылы тоғызға дейін өскен. Фото pixabay.com сайтынан алынды
Бас директорға 10 миллион фунт стерлингтен астам жалақы төлейтін ең танымал компаниялардың саны 2022 жылы төрттен 2023 жылы тоғызға дейін өскен. High Pay Centre талдауына сәйкес, бұл жетекші компаниялардағы менеджерлердің орташа жалақысы 5,2 миллион доллардан 5,4 млн долларға дейін көтерілген.
AstraZeneca бас атқарушы директоры сэр Паскаль Сорионың жалпы жалақысы бір жылда 19 миллион доллардан 21,7 миллион долларға өскен ең жоғары жалақы алатын басшы болып тіркелген.
Эрик Энгстром мен Чарльз Вудберн – Relx және BAE Systems басшылары – әрқайсысы 16,5 миллион доллардан астам жалақы алады. Rolls-Royce басшысы Туфан Эргинбилгич те осындай көлемде жалақы+бонус алады. Сонымен бірге, оған бұрынғы жұмысынан осы салаға ауысқан кезде жоғалтқан акциялары үшін өтемақы ретінде 2028 жылға дейін 9,5 миллион доллар көлеміндегі бір реттік сыйақы беріледі.
GSK бас директоры Эмма Уолмслидің 16,2 млн долларлық сыйақысы оны ең жоғары жалақы алатын әйелге айналдырды.
Бірақ әйелдер бас директор болған алты компаниядағы орташа жалақы ерлердікі 5,4 млн болса, әйелдердікі 3,4 млн доллардан аз болған. Бұл да Батыс елдерінде демократиялық құндылықтар мен теңдік мәселелері сөз жүзінде болғанымен, гендерлік кемсіту ең жоғары деңгейде бар екенін көрсетеді.
Лондон жаһандық қаржы орталығына айналғысы келсе әлемдік деңгейдегі таланттарды тартуы керек. Фото Reuters сайтынан алынды. Авторы: Pixstream
LSEG бас директоры Дэвид Швиммер ақпан айында: «Егер Лондон жетекші жаһандық қаржы орталығына айналып, әлемдік деңгейдегі компанияларды тартқысы келсе, бұл әлемдік деңгейдегі таланттарды да тартуы керек дегенді білдіреді» деген еді.
High Pay Centre талдауы жалақы, бонустар, зейнетақы және ынталандыру жоспарларын қоса алғанда, бас директордың барлық өтемақы пакеттерін қамтиды. Жетекші компаниялардың айтуынша, басшылардың жалақысының көпшілігі өнімділікке байланысты бонустар мен акциялардан алынған. Мысалы, Relx акцияларының бағасы Энгстром 2009 жылы бас директорлыққа келгеннен бері шамамен 7 есе өскен.
Дегенмен бұл сандарды жоғары жалақының қарсыластары да пайдалануда. High Pay Centre орталығының мәліметі бойынша, FTSE 100 индексіне кіретін компаниялардың бас директорларының орташа жалақысы қазір Ұлыбританиядағы орташа толық уақыт жұмыс істейтін жұмысшының жалақысынан 120 есе көп екен.
Хилдярд бұл олқылықты «кәсіподақ мүшелерінің азаюымен, жұмысшылардың бизнес шешімдеріне қатысуының төмендігімен және инвесторлардың мүдделерін жұмысшылардың, тұтынушылардың, жеткізушілер мен басқа да мүдделі тараптардың мүдделерінен жоғары қоятын іскерлік мәдениетімен» байланыстырды.
«Бұл оқиғалар жоғары басқарушылар үшін өте жақсы болды, бірақ олардың жалпы елдің мүддесіне сай келе ме, жоқ па, бұл күмәнді болып қалуда», – дейді ол.
Ұлыбританияның жаңа лейбористер үкіметі кәсіподақтардың қызметін жеңілдетуге және заңдық негізде олардың құқықтарын арттыруға уәде беруде.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.