Әйел ипотекалық несиеге баспана алуға көмек көрсету үшін 1 адамнан 2 млн теңге сұраған.
Астанада «ипотекалық алаяқ» ұсталды
Фото: istockphoto.com
537
оқылды

Елордада мемлекеттік бағдарлама бойынша ипотекалық несие алуға көмектесемін деген сылтаумен 25 эпизод бойынша алаяқтық жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Әйел ипотекалық несиеге баспана алуға көмек көрсету үшін 1 адамнан 2 млн теңге сұраған.

Бұл туралы полицияға 44 жастағы елорда тұрғыны жүгініп, көмек сұрады.

«Күдікті мойындау көрсетпелерін берді. Оның ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды», – деп хабарлады Астана қаласы ПД.

Алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.