Бюджет қаражаты ғылыми жобаларды коммерцияландыру түрімен шығарылған.
«500 ғалым» жобасы, тұлғалар мүддесі: Антикор ғылым саласындағы былықтың бетін ашты
Фото: istockphoto.com
1,446
оқылды

Антикор ғылымды қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп, оның нәтижесін жариялады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Жобаларды іріктеу бойынша конкурстық құжаттама («500 ғалым» жобасы бойынша) нақты тұлғалар үшін қалыптастырылды, жобаларды ғылыми сараптау рәсімі ашық емес, бағалауды «қол режимінде» іріктелетін үлестес сарапшылар жүзеге асырды. Тізімде тұрған 13,5 мың сарапшының 10 мыңға жуығы (75%) сараптама жүргізбеген. Манипуляция арқылы бағалау нәтижелері «қажетті» жобаларға бейімделді. 11,5 млрд теңгеге 30 зерттеу анықталды, олар бойынша сараптама белгілі бір тұлғалардың мүддесі үшін жүргізілді»,  деп хабарлады Антикор.

Бюджет қаражаты ғылыми жобаларды коммерцияландыру түрімен шығарылған.

2016 жылдан бастап мемлекет осы мақсатқа шамамен 32 млрд теңге жұмсады. Агенттіктің анықтауы бойынша, оның ішінде жобалардың 90%-ы (145-тен 130-ы) мәлімделген мақсаттарға қол жеткізе алмады, бұл  өнімсіз бастамалар.

Сонымен қатар зерттеулердің 70%-ы мақалалар мен кітаптар жазумен аяқталды, көптеген әзірлеме практикалық тұрғыдан маңызды болмады.

«Атап айтқанда, Ақпараттық және есептеу технологиялары институты биогаз және биотыңайтқыштар өндіретін жабдықтарды әзірлеуге 290 млн теңге жұмсады. Бұл ретте нарықта дайын аналогтар ондаған есе арзан (19 млн теңгеден қымбат емес, өздері сатып алады).

Сонымен қатар ғылыми әзірлемелер түрінде жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту қаржыландырылды. Мәселен, 2019 жылы еліміздегі ірі құс фабрикаларының бірі қазақ деликатестерінің технологиялары мен рецептураларын әзірлеуге 300 млн теңгеге жуық қаражат алды. Алайда, іс жүзінде барлық қаражат (92%) жабдықтар мен материалдарды сатып алуға жұмсалды»,  делінген ақпаратта.

Талдау нәтижелері бойынша, Ғылым және жоғары білім министрлігіне 100-ден астам ұсыныс енгізілді. Уәкілетті орган оларды іске асыруға кірісті.

Мысалы, Агенттіктің ұсынысы бойынша Сараптама комиссиясының жұмысын ұйымдастыру ережелерінде оның мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптары күшейтілді, енді жалпы еңбек өтілі 10 жыл, ал мамандығы бойынша өтілі кемінде 5 жыл болу қажет, бұрын 3 жыл болған.

Ұсынымдардың орындалу мониторингі жалғасуда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Тelegram арнасынан таба аласыз.