13 тамызда облыс орталығындағы Бозтаев-Первомайская көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен.
Семейде жаяу жүргіншіні көлік қағып кетіп, қайтыс болды
Фото: видеодан кадр/Абай облысы ПД
1,286
оқылды

Семейде көлік қағып кеткен жаяу жүргінші көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Абай облысының полициясы Семей қаласында жаяу жүргінші көз жұмған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеуді бастағанын мәлімдеді. 

13 тамызда облыс орталығындағы Бозтаев-Первомайская көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен. Нәтижесінде ер адам оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. 

Қазіргі уақытта жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.