Оқиға тамыздың 13-інде Целиноград ауданы аумағында болған.
Ақмола облысында 6 жасар қыздың іш киімін шешкен ер адам ұсталды
Фото: polisia.kz
782
оқылды

Ақмола облысында 6 жастағы қыздың іш киімін шешкен ер адам ұсталды, полиция қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға тамыздың 13-інде Целиноград ауданы аумағында болған.

«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу шеңберінде бірқатар сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды», – деп түсіндірді Kazinform тілшісінің сауалына ПД баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, әлеуметтік желіде тараған мәліметте күдікті Астана қаласының 2002 жылғы тұрғыны екені айтылады. Ол өзінің айуандық әрекетін құрылысы салынып бітпеген тұрғын үйде жүзеге асырмақ болған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.