Өнер иесі теріс ағым өкілдерін сынға алып, олардың Құран оқып, қыз ұзатқандарын жат әрекетке теңейді, – деп жазады Aikyn.kz.
"Алжыған уахабтар! Қыз баланы Құран оқып, өлік жөнелткендей ұзатқан не масқара. Көрген көзде жазық жоқ.
Уахабтар салт-дәстүрге қарсы болсаңдар, Құран оқып ұзатқанша, ұзату тойын жасамай, үйлеріңнен жібере салсаңдаршы, салт-дәстүрімізді қор қылмай", – деп жазады ол желідегі парақшасына.
Айгүл Елшібаева қыз ұзату салт-дәстүрімізге жататынын алға тартады. Аялап өсірген қызын, жат ұяға беру қимастығының белгісі.
"Арабтарда күң-құл сату, әйелдің билігі екінші орында болғандықтан, қазақтың дәстүріндей қыз балаға құрметі жоқ.
Тойды садақаға айналдырған, садақа мен қыз ұзату салт-дәстүрді айыра алмаған дүбара сауатсыздар.
Уахаб шейхтарыңа ұнаймын дегенше, өле қалыңдар, қазақ болмай кеткірлер.
Ұлтымыздың тәрбиелі, мағыналы, қыз балаға ақ тілегімен құрмет көрсеткен салт-дәстүрін садақаға айналдырған сатқындар.
Ислам діні, Әбу Ханифа мазхабын ұстаған қазақ неше ғасыр мұндай сұмдықты көрмеген шығар! Осылардыкі дұрыс па, ағайын?", – деп сауал тастайды өнер иесі.