Халықпен кездесулер азаматтармен ашық диалог құруға, өңір тұрғындарының өзекті мә­се­­лелерін тыңдауға және жедел шешуге, сондай-ақ Мемлекет бас­шысы белгілеген халық үніне құлақ асатын мемлекет сая­сат­ын іске асыруға мүмкіндік бер­еді.
Ашық диалог алаңы
675
оқылды

Бүгінде еліміздегі барлық деңгейдегі әкімдер Президенттің 2022 жылдың 3 нау­рызында жарияланған «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» № 826 Жарлығына сәйкес бекітілген кестеге сай халықпен жиі кездесулер өт­кізіп, тұрғындардың талап-тілегін тыңдап жүр. Бұл қағида сонымен бірге елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатында да іске асуда. Мемлекет бас­шысының аталған Жарлығы негізінде барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы ха­лықпен кездесу өткізіп, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етеді. Проблемалық мә­се­лелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндіреді.

Түркістан облысының әкімі соңғы ай­ларда бекітілген кестеге сай өңірдің барлық ауыл-аймағында ашық диалог алаң­ында халықпен кездесу ұйымдастырып, жұрттың жанайқайына құлақ түрді, тұрғындардың өтінішіне назар аударды. 

Жұмыспен қамту бағытындағы шаралар жалғасады

Облыс басшысының Отырар ауданына жасаған сапары барысында өңір мәселелері тұрғындармен бірге көтері­ліп, шешу жолдары қарастырылады. 

Алдымен халықпен кезекті кездесу өткізіп, облысты дамыту бағытында ат­қарылған жұмыстар баяндалып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді. Мә­се­лелер ашық айтылып, өткір сұрақ­тар қойылды. 

– Мемлекет басшысы жаңа экономи­калық үлгіге өту бойынша нақты тапсыр­малар берген болатын. Оның бастысы –  инвестиция тарту, яғни жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын ашу. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын үнемді пайдалану мақсатында су үнемдейтін технологияларды кеңі­нен пайдалану. Ауылдық жерлерді дамыту мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» жо­басы аясында Отырар ауданында былтыр 10 елді мекенде 15 жобаны іске асыруға 1,1 млрд теңге бөлінді. Атап айт­қанда, аудандағы Арыс, Шойманов, Көкмардан, Шытты елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. Ақтөбе, Шойманов елді мекендерінде мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары басталып, биыл пайдалануға тапсырылады. Сонымен қатар 8 елді ме­кендегі 19,3 шақырымды құрайтын 12 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл 8 елді мекенде 9 жоба іске асырылады. Ауыл тұрғындарының табы­сын арттыру, әл-ауқатын жақсарту мақ­сат­ында 2023 жылы «Ауыл аманаты» бағ­дарламасымен 770 млн теңгеге 139 жо­ба қаржыландырылды. Мұның көбі –  бюджет есебінен жүргізіліп жатқан жұмыстар. Ауданның өзіндік кірісін көбейту, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында істі ширатқан жөн. Биыл алты айда ауыл шаруашылығы, құрылыс, инвестиция тарту бойынша индикаторлар төмен деңгейде орындалуда. Жұмысты күшейту керек. Ауыл инфрақұрылымын жақсарту, тұрғындарды жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар тоқтамайды, – деген Дархан Амангелдіұлы аудан­ға инвестиция тарту бағытындағы өзекті сұрақтарға да жауап берді. Су үнемдеу технологиясын енгізу, мақта кластерін дамыту маңызды екенін, бірнеше мың тұрғын жұмыспен қамтылатынын атап өтті. 

Жиында Отырар ауданының әкімі Қай­рат Жолдыбайдың аудан көлемінде атқарылған жұмыстар туралы баяндамасы тыңдалды. 

Ауданда жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 60 пайызға өсіп, 2023 жылы 80 млрд теңгеге жетті. 2023 жылы негізгі капиталға тартылған инвес­тиция көлемі 34 млрд теңгеден асып, жоспар 5,7 млрд теңгеге артығымен орындалды. Ауыл шаруашылығының өнім көлемі был­тыр 41 млрд теңгені құрап, жоспар 1,7 млрд теңгеге арты­ғымен орындалды.

Кездесуде тұрғындар көкейдегі сұр­ақ­тарын қойып, жауаптарын алды. Ин­фрақұрылым, жер, жайылым, газдандыру, ағын су және өзге де мәселе көтерілді. Әрбір көтерілген мәселе хаттамаға ен­гізіліп, заң шеңберінде тиісті жұмыс­тар жүргізіледі. 

Кездесуден кейін Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады. Кәсіпкерлікке қолдау көрсету, жерді заңдастыру, білім саласы, денсаулық сақтау және басқа да түйткілдер тарқатылды. Қозғалған мәселелер ба­қылауға алынып, тиісті жұмыс жүретін болады. 

Жаңа өндіріс орындарын ашу керек

Өңір басшысы одан кейін халықпен кезекті кездесуін Бәйдібек ауданында жалғастырды. Бәйдібек ауданындағы пайдалы қазбаларды зерттеп, анықтап, соған сай жаңа өндіріс орындарын ашу керек. Бұл ретте ауданның әлеуеті жоғары. Инвестиция тарту, жаңа жұмыс ор­ын­дарын ашу, өндірісті дамыту маңызды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Бәйдібек тұрғындарымен кездесуінде осындай ойлар, ұс­ыныстар айтылды. Тұрғындар тарапынан мәселелер көтеріліп, тиісті жауаптар берілді.

– Біз мемлекеттік бюджет есебінен инфрақұрылымды жақсартамыз. Бірақ әр ауданның өзіндік табысы, кірісі молаюы керек. Ол үшін өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту аса маңызды. Ауданның әлеуеті өте жоғары. Ізденіс, талпыныс, ниет қажет. Мемлекет басшысы өндірісті дамыту, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, су үнемдеу технологияларын енгізуді тапсырды. Осыған орай өңірімізде су үнемдеу технологияларын шығаратын зауыттар ашылып жатыр. Бұл жұмыстар Бәйдібекте де жандануы тиіс. Аудан инфрақұрылымын жақсарту мақсатында былтыр «Ауыл – Ел бесігі» жобасы арқылы 1,7 млрд теңге бөлініп, 10 елді мекенде 24 жоба іске асты. Жолдар жөнделіп, әлеуметтік нысандар салынды. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 1,3 млрд теңгеге 199 жоба қаржыландырылды. Бұл жұмыстар жалғасады, – деген Дархан Сатыбалды аудан әкімі мен басқарма басшыларына барлық бағытта индикаторларды орындау бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды. Кейбір салалардағы кемшіліктерге тоқ­тал­ып, тиісті шешім қабылдауды міндеттеді. 

Жиында Бәйдібек ауданының әкімі Ерлан Нұрмахановтың есебі тыңдалды. Жалпы, өңірлік өнім көлемі соңғы 3 жыл­да 29 пайызға өсіп, былтыр 61 млрд теңгені құрады. Биыл 5 айда 15 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы есеп­ті кезеңмен салыстырғанда 14,7 пайызға өскен. Биыл 5 айда өзіндік кір­іс­­тер 1.2 млрд теңгені құрап, былтыр­ғы жылмен салыстырғанда 49 пайызға артқан. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 2022 жылы 21 млрд теңге болса, былтыр 27 млрд теңгені құ­­ра­­ған. 2024-2025 жылдары шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жал­пы құны 24,9 млрд теңгені құрайтын 12 жо­баны іске асыру арқылы 254 жаңа жұмыс орнын құру көзделіп отыр. Ауданда түсті металл мен құрылыс материалдарының қоры анықталған. Осыларды игеру үшін тиісті ұсыныстар берілуде. 

Кездесуде тұрғындар инфрақұрыл­ым, спорт кешенін салу, электр қуатының сапасы және өзге де мәселелер бо­йын­ша өтініштерін айтты. Жеке қабылдауда да өзекті түйткілдер тарқатылып, барлық өтініш пен ұсыныс бақылауға алынды. 

Тарихи мекенде пәтуәлі ойлар айтылды

Дархан Амангелдіұлы жұмыс кестесіне сәйкес өңірдегі барлық аудан, қаланы аралап шығып, халықпен кездесті. Биылғы қорытынды кездесу Ордабасы ауданында өтті. Үш жүздің басы қосылған тарихи мекенде бәтуәлі ойлар айтылды. Өңір басшысы өндірісті дамыту, кәсіпорындар мен жұмыс орындарын ашу негізгі бағыттар екенін тағы да айт­ты. Аудан әкімі мен басқарма басшыларына осы бағытта жұмысты күшейтуді тапсырды. 

– Ауданның мәселесін талқылау үшін кездесуге арнайы келгендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Атқарылған жұмыстар ғана емес, кемшіліктер алдағы жоспарлар да айтылады. Біз өңіріміздің инфрақұрылымын жақсарту, елдің әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жүргізудеміз. Оның ішінде Ордабасы ауданына да тиісті назар аударылған. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Ордабасы ауданында 2023 жылы 19 елді мекенде 24 жобаны іске асыруға 2,8 млрд теңге бөлінді. Сол арқылы Темірлан, Қажы­мұқан, Бадам елді мекендерінде спорт кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 681 млн теңгеге 13 елді мекендегі 27 көше орташа жөндеуден өтті. Тө­ре­арық, Ықылас Темір, Дербес елді мекендеріндегі фельд­шерлік акушерлік пунктің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға тапсырылды. Мектептер күрделі жөндеу жұмысымен қамтылды. Биыл 14 елді мекенде 18 жобаны іске асыру үшін 3,3 млрд теңге қаралды. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 1,7 млрд теңгеге 259 жоба қаржыландырылды. Ордабасы ауданында 30 мектеп­тің интернет жүйесі жақсарды. Жалпы, өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 27 пайызға өсіп, 2023 жылы 145 млрд теңг­е­ге жетті. Біз осындай кездесулерде кем­шіліктерді де жасырмай айтып, мә­селелерді шешу жолдарын қарастыруымыз керек. Мегаполиске жақын әрі күре жол­дың бойында орналасқан ауданның әлеуеті жоғары. Инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу, ауыл шаруашы­лығын дамыту және индикаторлар ор­ын-далмаған салалар бойынша жұмысты ширатыңыздар, – деді Дархан Сатыбалды. 

Кездесуде аудан әкімі Азат Оралбаевтың былтырғы жылғы және биылғы 6 айдағы көрсеткіштер бойынша есебі тыңдалды. Ауданда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 3 жыл­­да 32 пайызға өсіп, 15 мыңға жуық­тады. Олардың өндірген өнім көлемі 161 млрд теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 61 млрд теңгеге немесе 60 пай­ызға өскен. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 33 млрд теңгеден асып, жоспар 1,4 млрд теңгеге артығымен орындал­ған. Негізгі капиталға тартылған инвес­тиция көлемі 39 млрд теңгеден асып, жос­пар 2,3 млрд теңгеге артығы­мен орындалған. 

Ордабасы төріндегі жиында аудан тұрғындары мектеп ғимаратын жөндеу, жер дауы, инфрақұрылым, ағын су, баспанамен қамту және өзге де мәселелерді қозғады. Тиісті жауаптар берілді. 

Одан кейін Дархан Сатыбалды жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтініш­тері мен ұсыныстарын тыңдады. Көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, тиісті жұмыс жүреді. 

Жер қатынастары бойынша сұрақ қоятындар көп

Айта кетейік, Түркістан облысы әкімі аппараты өтініштердің қаралуын бақылау бөлімінің жетекшісі Айдана Әмірбек облыс әкімінің азаматтарды же­ке қабылдаулары бойынша ұйымдас­тыру жұмыстары жүргізіліп, жеке қабылдауларда берілген тапсырмаларға байланысты түзілген хаттамалық тап­сырма­лардың орындалу барысына тұ­р­ақты талдау жүргізіліп тұрады.  Жыл басынан бергі  7 айда облыс әкімі  жалпы 25 жеке қабылдау өткізіп, 253 азамат қабылдаған. Қабылдау кезінде тұрғындар тарапынан 338 өтініш пен ұс­ын­ыс-пікірлер айтылған.  Олардың қа­тарында  жер қатынастары саласы бойынша – 52, ин­­фрақұрылым бойынша – 35, ауыл шар­уашылығы саласы­нан – 38, білімге қатысты – 32 мәселе көтерілген. Соны­мен бірге тұрғын үй, мәдениет денсаулық, спорт, экология, интернеттің нашарлығы, кәсіпкерлік,  ауызсу, жол, жұ­мыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету сынды өзге де мәселелермен жү­гінетіндер көп. 

Сонымен қатар облыс әкімінің ор­ын­басарлары мен аппарат басшысы та­рапынан жалпы 26 жеке қабылдау өт­кізіліп, 285 азаматты қабылдаған.  Олардың тарапынан 284 өтініш пен ұс­ыныс-пікір айтылған. 

Бүгінде халық өздерін толғандырып жүрген мәселелерін жергілікті билік өкіл­деріне тікелей жеткізе алатын әлеуетке ие. Облыс басшысының тұр­ғын­­­­дармен еркін, ашық диалог алаңында кезде­сулері жиі ұйымдастырылады, кездесу барысында әркім өзін толғандырған мәселені көтере алады. Жоғарыда атап өткендей, тұрғындар көтерген әрбір мә­селе хаттамаға түзіліп, оның орын­далуы жіті  назарда ұсталады.  

Назгүл НАЗАРБЕК,

Түркістан облысы