Кейінгі кезде Кишиданың рейтингі қатты төмендеп кеткен.
Жапонияның премьер-министрі Фумио Кишида отставкаға кетеді
1,509
оқылды

Саясаткер қыркүйекте өтетін либералды демократиялық партия атынан сайлауға түспейтіні жөнінде ресми мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап. 

Кетудегі басты себебі – партия мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қатысы барының анықталуы.

Биыл қаңтарда партиядағы 4 министр мен 6 орынбасар өз қызметтерін босатқан еді. Соның салдарынан Кишиданың рейтингі түсіп кетті. Қазір небәрі 30%-ды құрайды.

Оның үстіне, биыл Жапония әлемдегі үшінші ірі экономика мәртебесінен айырылды. Бұған ұлттық валютаның әлсіреуі, халық санының азаюы, еңбек өнімділігі әсер етті.