Google роботты үстел теннисін ойнауға үйретті. Енді ол адамдарды оңай жеңетін болды.
Тағы бір спорт түрінен робот адамдарды жеңе бастады
Google үстел теннисін ойнайтын роботты адамдарды жеңуге үйретті. Фото techinsider.ru сайтынан алынды
1,595
оқылды

Адам өмірінің барлық салаларына енген роботтардың тағы бір жетістігін newatlas.com сайты жазды. Осы материалға сүйеген Aikyn.kz үстел теннисін ойнайтын роботпен таныстырады.

Роботтың жылдамдығы мен ептілігі айтарлықтай жетіліп келеді. Фото techinsider.ru сайтынан алынды

Көптеген деректерді пайдаланған Google үстел теннисін ойнайтын роботты адамдармен бәсекеде жеңуге үйретті. Бұл тәжірибенің нәтижелері айтарлықтай болды және роботтың жылдамдығы мен ептілігі айтарлықтай жетілгенін көрсетті.

«Нақты әлемдегі тапсырмаларда адам деңгейіндегі жылдамдық пен өнімділікке қол жеткізу робототехника зерттеу қауымдастығы үшін басты мақсат болып қалады» деп басталады зерттеушілер тобының мақаласы.

Google ғалымдары үстел теннисі ботын жасауға, үйретуге және сынауға арналған жұмыстың әсерлі болғанын айтады.

Бұған дейін Aikyn.kz «Генералдар қысқарып, әскерді робот басқарады», «Жаңа хирургиялық робот өте жұқа жүгері дәнін де тіге алады», «Қытайлық робот «Қамажай» билей ме?», «BMW көліктерін роботтар жинайтын болды» атты және басқа да көптеген танымдық әрі ағартушылық мақалалар жариялаған еді. 

Осы мақалалар арқылы біз адам тәріздес (гуманоид) машиналарға нақты тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін робототехникадағы біршама жетістіктермен де таныстырдық.

Роботтардың қозғалыс теориясының негізін қалаушы әлем ғалымдарының қатарында қазақтан шыққан атақты ғалым академик Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков екенін де айттық. 

Бүгінгі жоғары класты механизмдердің кинематикасы мен кинетостатикасын, серпімді буынды механизмдер динамикасына арналған ғылыми зерттеулері мен жоғары класты механизмдер мен манипуляция құрылғыларының аналитикалық теориясын қалаған Өмірбек Жолдасбеков екенін бүкіл әлем ғалымдары мойындаған. Aikyn.kz осылайша ұлттық ғылымның жетістіктерін насихаттауға да көңіл бөлуде.

Google командасы дайындаған роботтың қозғалысындағы дәлдікке жылдамдық қосылды. Фото newatlas.com сайтынан алынды. Авторлығы:  Atil Iscen

Бұл жолғы Google командасы дайындаған роботтың қозғалысындағы дәлдікке жылдамдықты қосу мүмкіндігін жақсартуға болатыны жақсы көрсетілді. Сондықтан үстел теннисін ойнайтын жаңа робот өте әсерлі болып шықты. Келесі видеода адам қарсыластарымен ойындарда бот әлі олимпиадалық деңгейге жетпесе де, адам үшін қиын қарсылас  екенін дәлелдеді. 

29 ойында робот 13 ойыншыны жеңген. Шынын айту керек, роботтан жеңілген 13 ойыншы кәсіби теннисші емес. Әзірше робот шебер ойыншылардан жеңіліп қалады. Ол өздігінен допты ойынға қоса алмайды. Мұның бәрі әлі де роботтың өсу қабілеттері жеткіліксіз екенін байқатады.

«Бірнеше ай бұрын біз робот бұрын ойнамаған адамдарды жеңе алмайтынын болжадық. Жаңа жүйе біз күткеннен де асып түсті. Роботтың тіпті күшті қарсыластарын жеңуі таңғалдырды», – дейді зерттеу жетекшісі Паннаг Санкети.

Жобаны басқарған Паннаг Санкети –  Google DeepMind компаниясының аға бағдарламалық инженері. DeepMind – бұл Google компаниясының ЖИ-мен айналысатын бөлімі. Сондықтан роботтың үстел теннисіне үйрету жобасы, сайып келгенде, ракетка ұстаған роботтың нақты өнімділігіне қатысты деректер жиынтығы мен шешім қабылдау жылдамдығына қатысты.

Жүйені үйрету үшін зерттеушілер үстел теннисі добының күйі, оның айналуы, жылдамдық және позиция сияқты деректердің үлкен көлемін жинаған. Содан кейін симуляциялық ойындар кезінде роботтың «миына» ойынның қыр-сырын үйреткен. Бұл оның адамдармен ойнауына жеткілікті болды. Содан кейін, ойындар кезінде жүйе адам қарсыластарына білгенін пайдалана отырып әрекет ету үшін көптеген камералар пайдаланылды. Робот сонымен қатар қарсыластарын жеңу үшін жаңа тактикаларды үйренуді және сынап көруді жалғастыра алады, бұл оның жылдам үйрене алатынын білдіреді.

«Маған роботтық жүйелердің нақты адамдармен қалай жұмыс істейтінін зерттеу ұнайды және бұл керемет тәжірибе. Ол күшті ойыншы болмауы мүмкін, бірақ ол одан әрі жетілу және ақырында мақсатына жету үшін қажет қабілеттерге ие», – дейді Санкети.

Ал адамдардың үстел теннисін ойнау шеберлігін мына видеодан көре аласыздар:

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.