Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай ауылына ешкім асфальт төсемегенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Үйге бардым. Асфальт та, жол да төселмеген. Асфальт төсемейтінін біліп, жолды түзеп берсе де жетеді деп айтқан едім. Жолды да түзетпепті. Қарасай ауданында үйлер көп салынып жатыр, бірақ асфальт әлі жоқ. Кәріз, су желілерін өткізгеннен кейін салатын шығар мүмкін. Жол жаман, нашар. Қыстың күні көлігіңді аяп, асфальт бар жерге қойып, жаяу кетесің», - дейді Назым Қызайбай.
Осыған дейін Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің үйіне баратын жолға асфальт төселген еді. Осыдан кейін боксшы Назым Қызайбай өз ауылына да сондай асфальт керек екенін айтып, жолды түзетіп берсе деп өтінген. Кейін желіде оның ауылына да асфальт төселетіні жайлы ақпарат тарады. Алайда Алматы облысының әкімдігі мұны жоққа шығарды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.