Бұлтартпау шарасы – «Қамауда ұстау».
Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы туралы ақпарат үшін сыйақы тағайындалды
Фото: qamqor.gov.kz
1,683
оқылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағында көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін Ресей Федерациясының азаматын іздеу жариялады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қапенов Азамат Абайұлы, 12.04.1978 жылы туған, Пржевальск қаласы, Қырғыз Республикасының тумасы.

Бұлтартпау шарасы – «Қамауда ұстау».

Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері анықталған не ықтимал орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда іздестіру бастамашысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне (мекенжайы Өскемен қаласы, Лихарев көшесі, 2) келесі телефондар бойынша хабарлауды сұраймыз: кезекші бөлім 8 (7232) 29-88-88, іздестіру тобы, ұялы телефон 8-708-908-92-79, (немесе электронды  поштаға жазыңыз kb.vko@antikor.gov.kz).

Сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.