Жазатайым жағдай Мәңгілік ел даңғылы бойындағы құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйлердің бірінде болған.
Елордада құрылысшы 7-қабаттан құлап кетті
Фото: baldezh.top
877
оқылды

Астанада құрылысы жүріп жатқан көпқабатты үйдің жетінші қабатынан құрылысшы құлап кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Жазатайым жағдай Мәңгілік ел даңғылы бойындағы құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйлердің бірінде болған.

Зардап шеккен жұмысшыны жедел жәрдем қызметі №2 қалалық ауруханаға жеткізді.

«Ер адамда мидың, өкпенің және сол бүйректің көгеруі, политравма, қабырғаның жабық сынуы, екі иықтың, омыртқаның әртүрлі бөліктерінің сынуы бар. Жағдайы ауыр»,  деді қалалық  Денсаулық сақтау басқармасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.