Жанна Уразбахова екінші күйеуімен құрбысы ұйымдастырған мерекелік шарада танысқанын, бүгінде бақытты отбасы екенін айтты.
«Ажырасқан соң өмір тоқтап қалмайды»: Жанна Уразбахова алғаш рет жеке өмірі туралы айтты
Фото: видеодан кадр
1,228
оқылды

Салтанат Нүкенованың отбасының қорғаушысы ретінде көпшілікке танылған Жанна Уразбахова «Мамский әңгіме» YouTube арнасына берген сұхбатында жеке өмірі туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Адвокат алғашқы некедегі күйеуінен екі баласы бар екенін, қазір үш баланың анасы екенін атап өтті.

«Мұны алғаш рет осы сұхбатта айтып отырмын. Алғашқы некедегі күйеуіммен ешқандай айқай-шусыз ажырастық. Екеуміз бірге 11 жыл өмір сүріппіз. Біздің көзқарасымыз екі түрлі болды, болашақты да екеуміз екі көзқараспен қарайтын едік. Ол кезде қызымыз 11-де, ұлым 4 жаста болды. Балаларымның бізді үнемі шаршаңқы, ештеңеге көңілі толмайтын, бақытсыз, ұрысқақ түрде көргенін қаламадым»,  дейді қорғаушы.

Ол балалары әкелерімен бірге жиі уақыт өткізетінін айтады.

«Үшіншіме аяғым ауыр кезде реанимацияға түсіп қалдым. Сол кезде балалар әкесінің қасында болды. Мұның бәрі қалыпты, дұрыс қарым-қатынастан деп ойлаймын»,  дейді ол.

Жанна Уразбахова екінші күйеуімен құрбысы ұйымдастырған мерекелік шарада танысқанын, бүгінде бақытты отбасы екенін айтты.

«Бізде нағыз махаббат деп айтар едім. Балаларым күйеуімді досындай көреді. Күйеуім өте жомарт. Қуанғанымды көру үшін соңғы дүниесін қиюға дайын», дейді ол.

Қорғаушы ажырасудан кейін өмір тоқтап қалмайтынын, әрбір жан бақытты болуға лайық екенін жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.