Бүгін ауа райы қандай болады?
Бұршақ, жаңбыр, күшті жел: 16 тамызға арналған ауа райы болжамы
1,260
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 16 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін солтүстік-батыс циклонының әсерінен еліміздің басым  бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Соның әсерінен найзағай ойнап, бұршақ пен жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде нөсер жауын болады.

Ел аумағы бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте, елдің орталығында тұман болады.

Күндіз Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Атырау,  Абай облыстарында, Ұлытау және Жетісу облыстарының шығысында, Қарағанды облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, орталығында, Маңғыстау облысының  батысында, оңтүстік-шығысында, Алматы облысының оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл,  Ұлытау және Жетісу облыстарында, Атырау облысының  оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.