Бүгін Өскемен қаласының №2 соты қаржы жымқырды деген айыппен 6 жылға түрмеге тоғытылған Қайрат Сатыбалдының жазасын жеңілдетіп, бас бостандығынан шеттету жазасына ауыстырды.
Қайрат Сатыбалдының кешірім сұраған видеосы пайда болды
Фото: видеодан алынды
1,294
оқылды

Желіде Қайрат Сатыбалдының сот алдында  халық пен Президенттен кешірім сұраған видеосы пайда болды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін Өскемен қаласының №2 соты қаржы жымқырды деген айыппен 6 жылға түрмеге тоғытылған Қайрат Сатыбалдының жазасын жеңілдетіп, бас бостандығынан шеттету жазасына ауыстырды.

«Қадірлі Сот, қадірлі қазақ елі, кез келген азамат үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік болуға тиіс. Халқымызда сөз бар, жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды деген. Мен жасаған қателіктерімді мойындаймын. Маған қатысты қылмыстық іс бойынша мен органдарға көмектесіп, бүкіл заңсыз қаржыны қайтарып жатырмын. Елден заңсыз шығарған активтерді қайтару елдің ырысын өзіне қайтару деп білемін. Бұл Мемлекет басшысы қабылдаған маңызды шешімдердің бірі... Кезінде тісім батқан, ақысына кірген адамдардан және Мемлекет басшысынан кешірім сұраймын»,  деді ол.

Айта кетейік, Қайрат Сатыбалды бүгінгі күнге дейін Қазақстанға 783 млрд теңгенің активтерін қайтарды.  Сот оның бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін 3 жыл 3 ай 7 күн мерзімге бас бостандығын шектеуге ауыстырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.