Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік-батыста тұман болады.
Жаңбыр, бұршақ, 2 облыста қатты ыстық: 17 тамызға ауа райы болжамы жарияланды
1,739
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 17 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай, бұршақ және дауылмен жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік-батыста тұман болады.

Күндіз Алматы облысында, Жетісу облысында қатты ыстық сақталады.

Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының  батысында, оңтүстік-шығысында, Алматы облысының оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Жетісу облыстарында, Атырау облысының  оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде,  Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.