Ал әйелдер арасындағы әлем чемпионаты келесі жылы Белградта (Сербия) өтеді деп белгіленді.
Бокстан 2025 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтетін болды
Olympic.kz
1,685
оқылды

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Қазақстанда ерлер арасында әлем чемпионаты өтетінін мәлімдеді, – деп жазады Aikyn.kz.

Турнир 2025 жылдың мамыр айында Астанада өтеді. Бастапқыда Қазақстан бокс федерациясы әйелдер арасындағы әлем чемпионатын өткізуге үміткер болды, алайда кейін ерлер арасындағы жарысты өткізуге өтінім берді. Ал IBA бұл ұсынысты қабыл алды. Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты келесі жылы Белградта (Сербия) өтеді.

«Қабылдаушы ел бүкіл әлемде боксты дамытуға деген ұмтылысымызды көрсетеді. Екі елде де бокстың бай дәстүрі бар және әлемдік деңгейдегі жарыстарға, сондай-ақ спорттық көрсеткіштерге жақсы дайындалған. Біз осы беделді IBA турнирлерінде әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған ең үздік спортшыларды көреміз деген үміттеміз», – деді IBA президенті Умар Кремлев.