56 жастағы ер адам "көмірқышқыл газының улы әсері" диагнозымен қалалық көпсалалы жедел жәрдем ауруханасына өте ауыр жағдайда түскен.
Телефоннан шыққан өрт: Петропавл тұрғыны ауыр жағдайда жатыр
1,200
оқылды

Петропавлда ұялы телефонның қуаттағышы жарылып, пәтерде өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Үй иесі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 16 тамыз күні таңертең үш қабатты тұрғын үйдің пәтерінде өрт шыққан.

“Өрт 5 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт 8 минутта сөндірілді. 1968 жылы туған ер адам ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Өрттің алдын ала себебі –  ұялы телефонның қуаттағышының қысқа тұйықталуы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 56 жастағы ер адам "көмірқышқыл газының улы әсері" диагнозымен қалалық көпсалалы жедел жәрдем ауруханасына өте ауыр жағдайда түскен.

"Ол жедел түрде жансақтау бөліміне жатқызылды, қазір науқас комада, барлық қажетті шаралар толық көлемде жүргізілуде", –  деді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Сайлау.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.