17 тамыз күні 5 жерге қызыл жалын жайылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Әр жерге өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері шұғыл жетіп, тілсіз жаумен күреске түсті. Дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында барлық жердегі өрт сөндірілді. Анықталғандай, 5 жерде де оттың шығуына – найзағай себеп болған», – делінген «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватынан таратқан ақпаратта.
Еске салсақ, 15 тамыз сағат 18.00-ден 16 тамыз сағат 13.00-ге дейін аталған орман қоры аумағында шыққан 18 өрт ауыздықталған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.