Жетісу облысының өрт сөндірушілері демалыс аймағындағы өртті сөндірді.
Алакөлде тағы өрт шықты: екі қабатты демалыс үйі жалынға оранды
ТЖМ
631
оқылды

Алакөл ауданы Ақши ауылындағы демалыс аймағында екі қабатты демалыс үйі жанып кетті, – деп жазады Aikyn.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі оқиғаның мән-жайын хабарлады.

"Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында өрт алдын ала 280 шаршы метр алаңда сөндірілді", – делінген хабарламада.

27 адамның эвакуацияланғаны белгілі болды. Зардап шеккендер жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.