Жамбылдықтар Меркі-Шу-Бурылбайтал республикалық маңызы бар тасжолында қызмет атқару барысында жол апаты салдарынан қаза болған полиция қызметкерлері Ғалым Арыстанбаев пен Абылайхан Әбішкенді ақтық сапарға шығарып салды.
Қызмет бабында қайтыс болған полицей, 11 баланың әкесін соңғы сапарға шығарып салды
Фото: polisia.kz
1,626
оқылды

Жамбылдықтар қызмет барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерін ақтық сапарға шығарып салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жамбылдықтар Меркі-Шу-Бурылбайтал республикалық маңызы бар тасжолында қызмет атқару барысында жол апаты салдарынан қаза болған полиция қызметкерлері Ғалым Арыстанбаев пен Абылайхан Әбішкенді ақтық сапарға шығарып салды. Жаназаға марқұмдардың отбасы, ағайын-туыстарымен қатар Жамбыл облыстық Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин, ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов, ҚР ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, облыстық ПД бастығының орынбасарлары, бірге қызметте болған әріптестері, достары қатысты.

Сондай-ақ қоштасу жиынында ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қазаға байланысты көңіл хаттары оқылып, қайғыға ортақ екені және марқұмдардың отбасына мемлекет тарапынан әрдайым қолдау жасалатыны жеткізілді.

– Әріптестеріміздің қызмет барысында, кенеттен қаза болуына байланысты суық хабар баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Жас болса да өңірдегі қауіпсіздікті сақтау, қоғамдық тәртіпті қадағалауда өлшеусіз өз үлестерін қоса білген азаматтардың әлі де халыққа берер пайдасы мол еді. Олар мінсіз қызметтерімен қатар, отбасында үлгілі әке, жақсы жар, жақындарына қамқор, айналысына жанашыр болды. Артында қалған отбасы, балалары мен жұбайына әрқашан қолдау жасап, қамқор боламыз деп сенім білдіремін. Батырлардың жарқын бейнесі мен абыройлы есімі әрдайым жадымызда сақталады, – деп Арманбек Баймурзин қаза болған әріптестерінің жақындарын сабырға шақырып, көңіл білдірді. Марқұмдардың жаназасы өз туған жерлерінде – Ғалым Арыстанбаев Меркі ауданында, Абылайхан Әбішкен Талас ауданында өткізілді. Қаза болған полиция қызметкерлері “Айбын” орденіне ұсынылатын болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.