Денсаулық сақтау министрлігі сақтық шараларын ұсынды.
Маймыл шешегі: Қазақстанда әуежайлар мен шекара өткелдерінде бақылау күшейді
723
оқылды

Қазақстанда маймыл шешегін жұқтыру дерегі тіркелген жоқ. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияның шекара асуына жол бермес үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап. 

Қазір әуежайлар мен шекара өткелдерінде бақылау шаралары күшейтілген. Маймыл шешегі тіркелген елдерден келген азаматтарға баса назар аударылады. Ал эндемиялық мемлекеттерге сапар шегуді жоспарлап отырғандарға сақтық шараларын сақтау ұсынылады.

Бөртпе, жоғары температура және басқа да белгілер пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

Денсаулық сақтау министрлігі мынадай сақтық шараларын ұсынады:

  • ауру адамдармен және жабайы жануарлармен байланыстан аулақ болыңыз;
  • қорғаныс құралдарын қолданыңыз;
  • гигиенаны сақтау;
  • аса қажеттілік туындамаса, маймыл шешегі тіркелген елдерге шықпауға кеңес береміз;
  • алғашқы белгілер пайда болған кезде дәрігерге жүгініңіз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.