Қазақстан мен Тәжікстан президенттері екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Тәжік­станға барады
1,133
оқылды

22-23 тамыз күндері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен президент Эмомали Рахмон Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылайды.

Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.