Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.
Жаңбыр, бұршақ, шаңды дауыл: 20-22 тамызға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: koktejl.azet.sk
3,173
оқылды

"Қазгидромет" РМК 20-22 тамызға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың оңтүстігі және батысында қатты жаңбыр күтілмейді. 21 тамызда Қазақстанның оңтүстігінде жел күшейіп, шаңды дауыл болжанады. 22 тамызда Қазақстан Республикасының шығыс бөлігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы күндіз +16+25, батыс пен оңтүстікте +22+35°C, республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында 23+33°С болады деп күтілуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.