С. есімді адам жаза өтеу кезінде пробация қызметіне уақытылы тіркеуге келмей, ескертусіз тұрғылықты жерінен тыс шығып кеткен, сонымен қатар әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Маңғыстау облысында есептегі сотталған адам қайтадан қамауға алынды
Фото: istockphoto.com
1,344
оқылды

Маңғыстау облысында тәртіп бұзған есептегі сотталған адам қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Жаңаөзен қалалық пробация қызметінің есебінде қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталған 140-тан астам адам тұр.

Оларға қойылған басты талап – соттың белгілеген тәртібі мен шарттарын орындау. Қызметкерлер заңнамаларға сәйкес әр тұлғаның өмір салтын, мінез-құлқын бақылауда біршама жұмыс атқарып, сотталғандардың қайта қылмыс жасауының алдын алу үшін тиісті іс-шараларды жүйелі жүргізеді. Жаза өтеудің тәртібін сақтамай, белгіленген уақытта үйінде болмай, құқық бұзушылыққа жол берсе, сотталғанға ескерту беріледі.

Бірнеше рет қайталанса, сотқа ұсыныс жолданады. Жаңаөзен қалалық сотының үкімімен 1 жыл 10 ай 8 күн мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған С. есімді адам жаза өтеу кезінде пробация қызметіне уақытылы тіркеуге келмей, ескертусіз тұрғылықты жерінен тыс шығып кеткен, сонымен қатар әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Пробация қызметкері сотталғанға қатысты тиісті ұсынысты қалалық сотқа жолдады.

Соттың үкімімен бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген мерзімін дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылды. Енді тәртіп бұзған азамат қалған мерзімін ҚАЖД мекемесінде өтейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.