Абай Бегейдің қызын алып қашып кетіп, әнші "Қызымның таңдауын құрметтеймін" деп, қызына ақ батасын берген болатын.
"Әртүрлі әңгімелер болып жатқанын байқап отырмын":  Абай Бегейдің 16 жастағы қызы тұрмысқа шықты
Фото: instagram.com/abai_begei
5,378
оқылды

Танымал әнші Абай Бегейдің 16 жастағы қызының тұрмысқа шыққанын сынап жатқандар көп, – деп хабарлайды  Aikyn.kz

Абай Бегейдің қызын алып қашып кетіп, әнші "Қызымның таңдауын құрметтеймін" деп, қызына ақ батасын берген болатын.

Әнші Абай Бегей алыпқашпа әңгімелердің бәріне нүкте қою үшін жақында жазба жариялайтынын мәлімдеді. 

"Әртүрлі әңгімелер болып жатқанын байқап отырмын. Тілектеріңізге, көңілдеріңізге рахмет! Келесі постта қалай болғанын, не болып жатқанын толық салатын боламын…" – деп жазған ол қызымен бейнебаянын жариялады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.