Саяжайлардың бірінің шетінен 45-50 жас аралығындағы белгісіз әйелдің мәйіті табылды.
Өскемен іргесіндегі саяжайдан әйелдің мәйіті табылды
623
оқылды

Өскемен қаласының іргесіндегі саяжайдан әйел адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, саяжайлардың бірінің шетінен 45-50 жас аралығындағы белгісіз әйелдің мәйіті табылды. Қазіргі уақытта оның кім екені анықталып жатыр.

«Әйел адамның денесінен көзге көрінетін жарақаттар байқалған. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына (Адам өлтіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Марқұмды өлтірген күдіктінің кім екені әзірге белгісіз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.