Павлодарда батып бара жатқан адам құтқарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін Павлодар облысы ТЖД құтқару бөлімшесінің қызметкерлерімен Усолка өзенінің арнасын тексеру кезінде 1987 жылы туған, суға батып бара жатқан ер адам табылды. Ол абайсызда қайықтан құлаған.
«Құтқарушылар тез арада қайықпен жетіп, ер адамды құтқарып, жағаға жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады. Белгілі болғандай, ер адам мас күйде болған», - делінген ІІМ баспасөз қызметі хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.