Республика бойынша жел күшеюі күтіліп, солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман болады.
Жаңбыр, бұршақ, жел: 20 тамызға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
987
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 20 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағаймен, бұршақпен, дауылмен жаңбыр күтіліп, елдің солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр болады. Тек республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшеюі күтіліп, солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман болады.

 Күндіз Атырау облысында қатты ыстық күтіледі.

 Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында,  Шығыс Қазақстан облысының солтүстік- батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Маңғыстау облысының орталығында, Атырау облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының  орталығында, Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.