Оның мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы діндар адамдарды шетелдегі террористік әрекеттерге қатысуға шақырғаны анықталды.
ШҚО-да терроризмді насихаттаған тұрғын 7 жылға сотталды
Фото: istockphoto.com
631
оқылды

2024 жылдың 14 тамызында ҰҚК материалдарының негізінде Шығыс Қазақстан облысының апелляциялық соты жергілікті тұрғынның біріне қатысты үкім шығарды. Ол терроризмді насихаттағаны үшін айыпталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Оның мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы діндар адамдарды шетелдегі террористік әрекеттерге қатысуға шақырғаны анықталды. Сот шешімімен оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді», –  деп хабарлады ҰҚК.

Үкім заңды күшіне енді.

Жыл басынан бері ҰҚК жедел материалдары бойынша террористік сипаттағы қылмыстар үшін 38 адам түрлі жаза мерзімдерге сотталған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.