Министрлік ұшақтардың кешігуін азайту үшін түрлі жазалау шарасын енгізбек.
Енді рейсті кешіктірген әуекомпанияның басшысына да айыппұл салынады
587
оқылды

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев елімізде рейсті кешіктіргені үшін  енді әуекомпаниялары ғана емес, олардың басшылар мен әуежайлардың топ-менеджерлерін де жазалауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгінгі Үкімет отырысында министр рейстердің кешігуіне әсер етіп отырған факторларға тоқталды. Олар  еліміздегі алты әуежайда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаждау жұмыстары, ауа райы жағдайлары және адам факторы, яғни  жолаушылар ағынының өсуі.

Осы ретте министрлік ұшақтардың кешігуін азайту үшін түрлі жазалау шарасын енгізбек.

– Бұған дейін әуекомпанияларына кешіккені үшін айыппұл салынған болса, енді жаңа механизм бойынша олардың топ-менеджерлеріне де айыппұл салынады, – деді Марат Қарабаев.

Сонымен оның сөзінше, әуежайлардағы жөндеу жұмыстары қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланып отыр.