Әйгілі боксшы Instagram-дағы ресми парақшасында мәлімдеме жасады.
Жанқош Тұраров өзіне тағылған айыптан кейін мәлімдеме жасады
Фото: stan.kz
2,432
оқылды

Қыз зорлады деген күдікке іліккен әлем чемпионы Жанқош Тұраров өзіне қатысты айыпты жоққа шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әйгілі боксшы Instagram-дағы ресми парақшасында мәлімдеме жасады.

"Үш қыз өсіріп отырған әкемін! (ары қарай сөзі өңделмей, пунктуация сақталды - ред.) Төсектес қыз керек болса маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар! Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын, қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім қандай жала тағып отырғанын анықтайтын боламын!" – деп жазды Жанқош Тұраров.

Айта кетейік, бұған дейін боксшының осындай айыпқа ілінгені жөнінде ақпарат тараған еді. Полиция ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Жаңқош Жасұланұлы Тұраров (20 қараша 1990 ж., Ақкөл, Жамбыл облысы) — қазақстандық кәсіпқой боксшы. 2023 жылдың 21 наурызынан бастап бірінші жартылай орта салмақтағы IBO бокстан әлем чемпионы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.