Жанжал кезінде 16 жасар жасөспірім 16 және 17 жастағы екі баланы пышақпен жарақаттаған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Сәтбаев қаласында қанды төбелес болып, 2 жасөспірім жараланды
Фото: видеодан алынды
1,265
оқылды

20 тамызда Сәтбаев қаласында кәмелетке толмағандар арасында жанжал болды. Облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушыларын жедел анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жанжал кезінде 16 жасар жасөспірім 16 және 17 жастағы екі баланы пышақпен жарақаттаған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

«16 жастағы жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде», – деп хабарлады Ұлытау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.

Сонымен қатар, жанжалға қатысушы жасөспірімдердің ата-аналары бала тәрбиелеуде өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция ата-аналардың балаларын тәрбиелеуге толық жауапты екенін және олардың мінез-құлқын бақылауға міндетті екенін еске салады. Кәмелетке толмағандар жасаған кез келген құқық бұзушылықтар ата-аналары үшін ауыр зардаптарға әкеледі. Ата-аналарды балаларын тәрбиелеуге жауапкершілікпен қарауға және заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін шаралар қабылдауға шақырамыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.