Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы О.-ның талап қою бойынша «Бұйрықты заңсыз деп тану және оның күшін жою, бұрынғы атқарған лауазымына қайта тағайындау және жалақыны өндіру» туралы Ақтау қаласының №2 сотының шешіміне келтірген Маңғыстау облысы Полиция департаментінің апелляциялық шағымын қарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық сотқа сілтеме жасап.
Бірінші сатыдағы сот шешімі:
О. 2022 жылдың қараша айынан бастап Ақтау қаласының Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы қызметін атқарған.
2023 жылғы 27 қарашада облыстық Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы О.-ға қатысты ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі 1) тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.
2023 жылғы 27 қарашада тәртіптік комиссия шешімі негізінде О.-ны «Құқық қорғау қызметі туралы» заңның негізінде жұмыстан босатты.
Облыс прокуратурасының 2024 жылғы 13 қаңтардағы қаулысымен О.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылды.
О. талап қоюында өзіне қатысты қылмыстық іс, құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылғанын, сол себептен департаменттің жұмыстан босату туралы бұйрығын заңсыз деп танып, күшін жоюды, бұрынғы атқарған лауазымына қайта тағайындап, жауапкерден жалақы өндіруді сұрады.
Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандырды.
Апелляция сот алқасының шешімі:
Сот алқасы істің материалдарын зерделеп, бірінші сатыдағы сот материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбады, іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберін дұрыс анықтамай, шағымданатын сот шешімінің күшін жоюға негіз болады деген қорытындыға келді.
Апелляция сот алқасының қаулысымен Ақтау қаласының №2 соты шешім күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдады.
Жауапкердің апелляциялық шағымы қанағаттандырылды.
Қаулы заңды күшіне енді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.