Ермахан Ибраимов өзін Парижге апармағанына өкпелі.
Ермахан Ибраимов өзін Парижге апармағандықтан боксшылар жеңілгенін айтты
Видеодан алынған кадр
329
оқылды

Бұрынғы Олимпиадаларға белгілі спорт ардагерлерін, чемпиондарды апарып тұратын.  Осы жолы Париж Олимпиадасына елдегі спорт шенеуніктері жанкүйер ретінде ешкімді ерткен жоқ, деп жазады Aikyn.kz.

Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов мұның дұрыс болмағанын айтып отыр. Ол Barys Media Youtube-арнасына берген сұқбатында осы туралы базынасын жеткізді. 

«Негізі бойтұмарды қажет ететіндер табылмай қалған шығар. Мен бірнеше рет айттым, ымдап та білдірдім. Министрліктен әлде спорт комитетінен қателік кетті ме, әйтеуір қол бұлғап, «хатты жібереміз» деді де кете барды. Бір сөзбен айтқан кезде бізді керек қылмады. Бойтұмарды қажет етпеген шығар. Кезінде министрлікті басқарып отырған Темірхан Досмұхамбетов, Аманша Ақпаев ағаларымыз міндетті түрде Олимпиадаға Жақсылық Үшкемпіров ағамызды алып алатын. Ол бізге рух беріп, көтермелеп, «жарайсыңдар, жігіттер» деп қолдап жүретін. Команданың көбісі қазақтар болғандықтан бойына күш-қуат беретін жақсы сөзді қазақша естігісі келеді. Былайша айтқанда, олар «жеңіс бойтұмарын» Қазақстанда қалдырып кеткен сияқты», - деді Олимпиада чемпионы.