«AMANAT» партиясының Маңғыстау облыс­тық филиалы «Бақытты отбасы» жобасы ая­сында «Түнгі қаладағы балалар» акциясын өт­кізді.
Баланың амандығы қажет
499
оқылды

Шараға «AMANAT» пар­тия­сының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орын­басары Анар Шамшадинова, Ақтау қаласы ПБ ювеналды по­лиция инспекторлары, Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі кеңес мүшелері қа­тысты. 

Шараның мақсаты – кәме­летке толмаған жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта жүруін болдыр­мау, қылмыс пен құқық бұзу­шы­лыққа жол бермеу және жас­өс­пірімдердің құқықтарының бұ­­­­­­­­зыл­­­мауын қадағалау. Рейдтік шара барысында жасөспі­­рім­дер­дің жиналатын орындары, ойын-сауық кешендері, дүкендер мен көңіл көтеретін орындардың ау­мақ­тарына мониторинг жүр­гізілді. 

Мониторинг барысында ойын-сауық алаңдарында сағат 22:00-ден кейін жүрген жасөс­пірімдер анықталып, ойын-сауық орталығында болуына жол бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабымен мекеме иелеріне әкімшілік құқықбұзушылық хат­тама тол­тырылды. Одан бө­лек, кешқұрым бейсауат жүрген жас­өспірімдердің заңды өкіл­­­деріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-ба­бының 1-бө­лігімен кәме­летке толма­ған­дардың түнгі уақытта заңды өкіл­дерінсіз сағат 22:00-ден кейін жүргені үшін әкімшілік хатта­ма­лары тол­тырылды.

Одан бөлек, «AMANAT» пар­тиясының мүшелері мен құқық қорғау орындарының өкілдері аулаларды арнайы аралап, ата-аналармен кездесті. Мұнда олар елімізде заң бойынша кәмелетке толмаған жасөс­пірімдерге түнгі сағат 22:00-ден кейін компью­терлік клубтарда, ойын-сауық орындарында болуға және 23:00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынатыны тура­лы ескертпелермен тұрғындарды таныстырды.

Бердібек ҚАБАЙ